Павлодар облысы әкімінің портреті қомақты қаржыға сатылды
Павлодар облысы әкімінің портреті қомақты қаржыға сатылды
209
оқылды

Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционында сатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аукционның видеосы желіде пайда болды. Видеода КВН ойындарының жетекшілері Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин кешті жүргізіп жатыр. Аукциондағы лоттардың біріне – әкім Болат Бақауовтың портретін алуға тапсырыс берілуде. Сауда-саттық жоғары деңгейге көтерілген.

Tengrinews.kz кештің қожайындарының бірі Ярослав Мелехинмен хабарласқан. Ол іс-шараға шынымен де қатысқанын растады.

«Ол жерде тек әкімнің портреті емес, жергілікті суретшілердің суреттері, бокс қолғаптары болды. Мұның бәрі қайырымдылық аукционның бір бөлігі болды. Барлық қаражат Павлодар облысындағы зағип жандарға көмек ретінде жіберілді», – деген Ярослав Мелехин.

Оның айтуынша, облыс әкімінің портреті 31 миллион теңгеге сатылған. «Сома әр түрлі болды, нақтырақ бұл портрет 31 миллион», – деп түсіндіреді Мелехин.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 25 желтоқсанда қайырымдылық балы өткенін мәлімдеген. Баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукцион жоғарыда аталған шара аясында ұйымдастырылғанын айтып, әкімнің портреті шынымен де аукционға қойылғанын растаған. Ұсынысты Ауған соғысының ардагерлері жасаған. Алайда, баспасөз хатшысы әкім портретінің 31 миллион теңгеге сатылғаны туралы ақпаратты растамайды.

«Менің ойымша, 31 миллион теңге деген әзіл болар. Ол портрет үшін 700 мың теңге ұсынылды», – деген ол портретті кім сатып алғанын білмейтінін айтты.

Әкімдіктің хабарлауынша, аукционнан түскен барлық қаражат әкімдіктен қолдау сұрап бірнеше рет жүгінген Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнына жіберіледі.

Еске салайық, бұл Болат Бақауовтың алғашқы портреті емес. 2018 жылдың мамыр айында елорда өткен әкімнің баспасөз конференциясына қатысқан бір суретші аймақ басшысының портретін майлы бояумен салып шыққан.

Бакауов 2.jpeg
 

https://youtu.be/GDWAIKCuwhU