«...Мен үшін ең бастысы, қандай жаза берсеңіздер де, бәрібір. Тек маған қажет кезде ерік берулеріңізді сұраймын. Яғни, шетелге шығуыма, жарысқа қатысуыма мүмкіндік болуы керек», – деді Қуат Хамитов.
Сот шешімі бүгін шығады.
Қуат Хамитовқа Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 3-бөлігі (мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және тәртіпсіздіктер немесе жаппай арандатуға шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) бойынша айып тағылды.
Бұған дейін сот процесі кейінге қалдырылғанын жазған болатынбыз.