15 тоннадан аса сексеуілді заңсыз сатпақ болғандар ұсталды
15 тоннадан аса сексеуілді заңсыз сатпақ болғандар ұсталды
345
оқылды

Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы сексеуіл ағашын заңсыз кесіп және оны сатпақ болған бірнеше адамды оқиға орнында ұстады. Осы жылдың желтоқсан айының 16-да Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының шыға берісінде, ауыл тұрғыны «К» есімді азаматтың жүргізуіндегі «Газ-53» жүк көлігі тоқтатылды. Тексеріс барысында 5 тоннадан астам сексеуіл ағашын кесуге және тасымалдауға рұқсатының жоқтығы анықталды.

Сол күні Шиелі ауданы, 1-мамыр ауылының, Итатқан өңірінің тұрғындары азамат «Ж», «Т» және «Т», сол ауылдың тұсында «Зил»жүк көлігіне 6 тонна сексеуіл ағашын тиеп келе жатқан жерінен ұсталған.

Сондай-ақ, іс-шара жүргізу барысында 15.12.2019ж. күні сексеуіл ағашын кесіп, майдалап дайындап, қала аумағында сату мақсатында тасымалдаумен айналысатын Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғындары азамат «И» және «Б» «Газель» автокөлігіне 100 қап сексеуіл ағашын тиеп келе жатқан жерінен ұсталған.

Осылайша, жоғарыда аталған тұрғындардың 15 тоннадан астам сексеуіл ағашын заңсыз кескені анықталды.

Аталған фактілер Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, тиісті процестік шешім қабылдау үшін Сырдария және Шиелі полиция бөлімшесіне жолданды.

Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

сексеул 2.png
© kzl.prokuror.gov.kz