«Армандар орындалады!» жаңа жылдық жұлдызды мюзикл ұйымдастырылды
«Армандар орындалады!» жаңа жылдық жұлдызды мюзикл ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы мен «Хабар» агенттігі елімізде тұңғыш рет «Армандар орындалады!» жаңа жылдық жұлдызды мюзикл ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық кеште танымал эстрада жұлдыздары тыңдармандардың сүйікті әндерін ырғақты бимен әрледі. Ұмытылмастай шоу-концерт, әншілердің жаңа образдары көрермен назарына ұсынылды.

Кеш Қайрат Байкенов және «Формат» тобы, Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі, Алтынай Жорабаева, Жанар Айжанова, Алишер Каримов, Рахымжан Жақайым, Аргония, ағайынды Жүгінісовтер, Қайрат Әділгерей, Ғазиз Ерболат, Ақболат Утебаев, Жанболат Найзабек т.б. өнер жұлдыздарының, Үрлемелі оркестрінің қатысуымен болды.

Сондай-ақ, шоу-концертте тағы бір ерекшелігі – кішкентай көрерменнің арманын орындау. Дәлірек айтсақ, Мұхамедқанафия Мирамбекұлы – Қостанай облысы әкімдігі ұйымдастырған «Аяз атаға хат» шарасының қатысушысы. Музыка тыңдағанды жаны сүйеді. Үйіндегі ән жазылған дискілерді кешке міндетті түрде магнитофон немесе теледидардағы музыкалық бағдарламалар арқылы тыңдауды әдетке айналдырған. Мұамедқанафияның арманы – эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертті тамашалау.

Жұлдызды мюзикл аясында қостанайлық Мұхамедқанафия Мирамбекұлының арманы орындалады. Яғни, эстрада жұлдыздарының бірі 9 жастағы балаға сыйлық тарту етпек.

Армандар 2.JPG