Күләш Бейсенбіқызы: Жүрегін ән тербеген сұлу жан еді...

Күләш Бейсенбіқызы: Жүрегін ән тербеген сұлу жан еді...

Сапар Байжанов туралы жары Күләш Бейсенбіқызының әуезді әңгімесін тыңдап, келмес күндердің елесін көзге бір елестетіп алдық. Жастық шақтың аяулы сәттері, ба­ла­­лық арман, алғашқы махаббат, студенттік өмір, бәрі-бәрі Күләш апайдың естелігі арқылы ақ қағазға әде­мі сыр болып өрілді.

«Жердің үстімен барып, астымен қайтпасын»

Мектеп бітірген соң, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының филология фа­куль­тетіне оқуға түстім. Арма­ным – журналист болу еді. Қазақ мем­л­екеттік университетінің жур­­налистика факультетіне құ­жат тапсырғаныммен, қарасам бір орынға 13-15 адамнан келе­ді екен. Үмітім үзілді де, құжа­­тым­ды алып, КАЗПИ-ге тап­­сыр­дым. 1 курста оқитын кезім. Теле­видениеде жұмыс істей­­тін жекжатымыз бар еді. Есімі – Молдабек Шолпанбаев. Ол кісі жатақханаға іздеп келіпті. Ол кездері қазақтарда көп үй жоқ. Пәтер жалдап тұратын. Үйі­не ша­қырды. Құрбым екеуміз ба­рып қайттық. Сапекең ол кезде «Ленин­шіл жаста» жұмыс істейді. Редактордың орынбасары. Қыз таңдап, жүрген кезі болса ке­рек. Молдабек аға Сапекеңе: «Менің құдашам бар. Сенімен таныстырайын» деп айтқан болуы керек. Біз барғанда Молдабектің үйіне Сапекең де келді. Алғаш көргенімде үйленген, ересек адам деп ойладым.  Ол кісінің ме­нен жеті жас үлкендігі бар. Ақ­­жарма мінезі, әдемі қалжыңы, салған әні құлағымнан кетпейтін. Сонымен киноға, театр­­ға барып жүрдік. Екінші курс­­ты бітірген жылы Павлодарға жұ­мысқа баруымыз керек болды. Сапе­кең: «Мәлік Ғабдуллиннен рұқсат алып берейін, ауылға қай­та бересің бе?» деді. Қуанып кет­тім. Содан демалыста ауыл­да жүрсем, бір күні аудан орта­лығында тұратын үлкен әп­кем: «Алматыдан Күләшқа құда түсуге кісілер келді» деп, кеңсеге телефон соғыпты. Әкем ұзақ жыл  колхозды басқарған кісі. Ол кезде зейнетке шыққан кезі. Әкем де кеңсеге барса, «құда келе жатыр» деп естиді. Сөйтіп, ол хабарды шешеме айтады. Шешем маған ренжіп: «Әу, біз сені оқып жүр деп ойласақ. Мынауың не?» деп сұрай­ды. Өзім де таңғалдым. «Үй­леніп, шаңырақ құрамыз» деген ешқандай келісім жоқ. Ана­ма солай дедім де, есіктің алдында байлаулы тұрған әкейдің тор жорғасына міне сала, көрші Под­горный ауылына қарай тарт­тым. Ондағы ойым, ауылдағы кеңседен телефон шалу. Ел естіп қоймасын дегенім ғой. Сапекеңе телефон шалып: «Сізбен қашан биыл үйленеміз деп келісіп едік? Маған айтпай, әкеңізді құда түсуге жіберіпсіз. Менің әлі үш жыл оқуым керек» дедім. Сонда Сапекең: «Күләшжан, мен жас емеспін. Үйленетін кезім келді. Менің әкем сенің ауылыңа жер­дің үстімен барып, астымен қайт­­пасын. Ақылың бар ғой» де­ген­­де, не дерімді білмей, үнсіз қал­дым. Сөйтіп, сөлбірейіп үйге қайт­тым ғой. Келсем, үйде құда­лар бар екен. Әкем қойын сойып, шешем абыр-дабыр болып жа­тыр. Содан құдаларды жақ­сы­­лап күтіп, шығарып салды. Сөй­тіп 15 тамызда той болады деп ке­лісіп кетті. Осылайша, ша­ңы­­­рақ көтердік. Ол кезде екі бөл­­­мелі пәтер жалдап тұрады екен. «Лениншіл жастың» жігіт­те­рі шетінен өнерлі жастар екен.  Кәкімжан – асаба. Әнді де айтады, әзіл-қалжыңды да ор­ны­мен айтады. Тамызда тойымыз болды. Желтоқсанның ішінде атама үш бөлмелі пәтер берді. Ол кісі – соғыс ардагері. Сапекең өзі бес ағайынды: екі ұл, үш қыз. Үлкен отбасына келін болып түс­тім. Қалған үш жылда екі бала­лы болдық. Ұлан мен Нұрлан сту­дент кезімде дүниеге келді.

 

Ата мен ененің тәрбиесі – бөлек

Үлкен ұлым Ұлан – заң­гер. Нұрлан – Халық шаруа­шы­­лығы институтын, Ерлан – жур­на­лис­тиканы бітірген. Сапекең ешқашан балаларын сүйреп, қыз­мет­ке тұрғызған емес. Біз алты жылдай ата-енеміздің қолында тұрдық. Оқуымды жалғастырып жүріп, тіпті стипендия алсам, оны енеме беретін едім. Енем марқұм да: «Балам, пенсияңды алдың ба?» деп сұраушы еді. Енемнің мінезі қаталдау, талабы күшті болды. Сонда Сапекең: «Анам қиындық көп көрген. Біз осы өмірде тіршілік етіп жүр­­геніміз – анамыздың ар­қа­сы. Әкеміз соғысқа ерте кет­ті. Бес баланы аш-жалаңаш ет­­пей, ешкімнен кем қылмай өсір­­ді. Сондықтан не айтса да, көнуге тура келеді» деп ақылын айтып отыратын. Бір жағынан Сапекеңнің тәрбиесі бар, екінші жағынан ауылда өскенімнің де кө­мегі тиді. Тіршілікке бейім бо­ласың ғой. Ешқандай еріну жоқ. Сабақтан келе салып, үл­­кен кісілерге қарап, қонақ кү­тіп, балаларды бағып, өмір сүрдік. Сөйтіп жүріп, институтты да бітіріп шықтым. Ол кезде бүгін­гі­дей үй тұрмысына қажетті тех­ника жоқ. Сапекең ерте тұ­рып, есік алдына су шашып, үй­де­гі бос ыдыстың бәріне су тол­­тырып қояды. Онысы – маған көмек­тес­кені. Ағайын-туыс та, дос-жаран да үйге жиі келеді. Соның бәріне қынжылмай, қиын болса да төздік. Өйткені береке-бірлік, сыйластық бар жерде – бақыт бар. Күнделікті тіршіліктен бө­лек, жолдасыңның да қас-қа­­ба­ғына қарау керек. Анам ұза­тар ал­дында: «Балам, күйеу бала жа­ман адам емес сияқты. Жұ­мыс­қа кетерінде тамағы, киетін киімі дайын тұрсын. Кешке де солай. Ең алдымен, өзіңнің жолдасыңды күт. Сонда ғана өзің де басқараларға сыйлы бола­сың» деген еді. Анамның осы сөздері үнемі жадымда жүрді. Сапекеңді күтуді басты міндетім сана­дым. Сол кісіні сыйлай жү­ріп, өзім де құрметке ие бола бас­­тадым. Әсіресе, атам мені жақ­сы көрді. Қашанда қолдап, қор­­ғаштап отырды. Тұңғыш не­мере болғасын Ұланға деген ықыластары ерекше болатын. Аяқ­киімін кигізіп, сыртқа алып шығып, бәйек болып жататын еді. «Немере жаннан тәтті» деген рас екен. Ата-енемнің немерелері десе, шығарға жаны бөлек-ті.

 

Жастарға айрықша қамқорлық көрсетті

Сапекең ұзақ жыл «Мәдениет және тұрмыс» журналында қыз­мет істеді. Одан кейін Орталық ко­митетте еңбек атқарды. «Со­циа­­листік Қазақтанға» он жыл­дай бас редактор болды. «Со­циа­­листік Қазақстанға» Ұзақ Бағаев­тан кейін барды. Ол кісі мі­незі өте биязы, ерекше адам еді, марқұм. Ауырып, өмірден ерте кетті. Ұзақ Бағаевтан кейін жеті айдай газет редакторсыз шы­ғып тұрды. Екінші орынбасар – Бал­ғабек Қыдырбекұлы. Мі­не­зі қатал кісі еді. Сапекең ре­дак­тор бо­лып барғаннан кейін Бал­ға­бек бірінші орынбасар болды. Екін­ші орынбасар – Сарбас Ақ­таев. Сапекең газеттің маз­мұ­нын көтеруге тырысты. «Пә­терден пәтерге көшіп, үй іздеп жүрген журналист жұмыс істей алмайды. Газеттің жұмысы ауыр» деп Қонаевқа кіріп жүріп, қыз­меткерлерінің баспаналы бо­луы­на мүмкіндік жасады. Об­лыс­тар­дан қаламы ұшқыр, ойы терең жақсы журналистерді га­зетке жұ­мысқа шақыра бас­тады. Ор­та­лық комитетте жүр­­генінде-ақ қай журналистің қарымы қандай екенін бағамдап жүрген ғой. Қара­ғанды облыстық газе­тін­де жүрген Ақселеуді, Қос­­та­най­дан – Қойшығара Сал­ға­раны, Шы­ғыстан – Кеңес Юсуповты, Пав­лодардан – Ербол Шәй­мер­деновті,  «Лениншіл жас­тан» – Жанат Елшібекті ша­қырды.  Ержұман Смайыл мен Сауытбек Абдрахманов прак­ти­каға келіп жүрген кезі екен. Еке­уін де жұмысқа қабылдайды. Мұ­­ның бәрі «Социалистік Қа­зақ­­станда» отыз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ардагер жур­налистерге ұнамаған болуы керек. Сапекеңнің үстінен арыз-шағымдар жиі жазыла бастады.

Сапекеңнің тағы бір қыры – зерт­теушілігі. Ол  Орта­лық ко­митетте қызметте жүрге­нін­­де Зейін Шашкиннің шы­ғар­ма­шы­лы­ғын зерттей бастады. Басқа уақыт­та уақыт жоқ, тек жексенбі күні архивте отырады. Әлемнің бір­қатар елдерін аралады. Оның бәрі жеке-жеке кітап бо­лып жа­рық көрді. «СҚ»-нан кейін архивке қызметке барды. Сапе­­кеңнің архивке барғаны тура­лы «білімнің теңізіне барды, соның ішінен маржанын теріп ала­ды» деп айтқаны бар еді. Сол айтқаны айдай келді. «Абай және архив», «Архив – айғақ», «Қа­­­жыға барған қазақтар» – ар­­хивте отырған күндерінің же­місі. Сәтбаевтың Сталинге хат жаз­ғанын, Момышұлының май­­­данда жазған хаттарын, Бай­­­сейітованың күнделігін, Бруси­­ловскийдің екі күнделік дәп­терін тапты. Олардың бәрі өзі­­нің жинақтарына енді. Қандай жауапты жұмыста жүрсе де, қолы­нан қаламын тастамады. Бос уақытында спортпен айналысты.  Темекі тартпайтын, ішімдікке жаны қас адам неге ауырды деп, көп­шілік таңғалады. Жұмыс-жұ­мыс деп жүріп, елемеген де болуы керек.  Сапекең өте ық­тият­ты, тәртіппен жүретін еді. Ба­­лаларының әрқайсысына күн­де­лік бастатып, уақыт кесте­сін құрғызып, таңертеңнен ұйық­тағанға дейін не істейтінін жаз­ғызып қоятын. Бұл балаларды реттілікке, жауапкершілікке үй­ре­тудің бір әдісі болуы керек. Ба­ланың аты бала ғой, кейде ойнап, уақытында тындыратын шар­уасын бітірмей, уақытын асы­рып алса, үш күндей ойнауға бар­майсың деген сияқты әдіс қол­данатын. Осының әсері болу керек, балалары дұрыс азамат бо­лып ержетті. Мен ол кісіні пір тұтып сыйладым. Оның өзін ұс­тауы, мәдениеттілігі, адам­гер­ші­лігі мені де тәрбиеледі.

   


   P.S.

 

«Адам болып өмірге келдің бе – адамға лайық ісің болсын. Ата-анаңның, ел-жұртыңның үмітін ақта. Туыстарыңа, доста­рыңа таныстарыңа, өзіңе ісі түс­кен адамға қолғабыс жаса, елі­ңе адал қызмет ет – әйтеуір дү­­ниеге бекер келіп, бекер кетпе, ішіп-жеу үшін жасама. Артыңда жақсы із қалсын». Бұл – Сапар Байжановтың өсиет сөзі.  Жақсы кісінің артында жақсы ізі қалды. Ол із қазақ публицистикасында ерек­ше сайрап жатыр...


Дайындаған
Гүлзина БЕКТАС