Президент халық санағына қатысты тапсырма берді
Президент халық санағына қатысты тапсырма берді
108
оқылды

Жиында Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кеңесте Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Стратегиялық жоспарлау және ревормалар жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Келімбетов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова бұған дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады. Кеңес мүшелерінің есебін тыңдаған Президент министрлерге нақты тапсырма берді.