Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты
Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты
256
оқылды

Ақпаратты қоғамдық бірлестік мүшесі Махмұт Телеғұсов растады.

"Генералдар кеңесі" РҚБ төралқасының төрағасы, әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Кайдаров Рүстем Есімханұлы ұшақ апатынан қаза тапты. Ақпаратты қоғамдық бірлестік мүшесі Махмұт Телеғұсов растады.

Қайдаров Рүстем Есімханұлы – ҚР ІІМ құрметті ардагері. 1940 жылы 18 мамырда Семей облысында туған. ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген. Әр жылдары ҚР Ішкі істер министрінің тергеушісі, полиция бастығы, орынбасары, бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Екі баласы, үш немересі бар.

Алматы әуежайынан көтерілген Bek Air ұшағы 27 желтоқсан күні таңертең көп ұзамай құлаған болатын. Бортында 95 жолаушы болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты және кінәлілерді жазалауға уәде берді.