Алматының әкімі ұшақ апаты болған жерге барып, зардап шеккендердің хал-жағдайын білді
Алматының әкімі ұшақ апаты болған жерге барып, зардап шеккендердің хал-жағдайын білді
5,177
оқылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барды, – деп хабарлайды әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Хатшы Instagram парақшасында: «Bek Air әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағының құлаған жеріне қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барды. Қала басшысы іздестіру құтқару жұмыстарын бақылады. Одан шығып Алматы әуежайының терминалын аралап шықты. Содан кейін №4 аурухана мен Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына барып, зардап шеккен адамдардың халын білді. Қала басшысы қаза болғандардың отбасына қайғысына отақтасып көңіл айтты», — деп жазды.

Еске сала кетейік, таңертең Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы облысы Әлмерек ауылында апатқа ұшырады. Ұшақта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Оқиға орнында Алматы облысының Іле және Талғар ауданынан 16 жедел жәрдем бригадасы және Алматы қаласынан 35 жедел жәрдем бригадасы, 2 нейрохирургиялық бригада жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.