Жаңа жыл басталысымен Атырауда 9 млн теңге төленбеген айыппұлы бар 160-қа жуық автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
9 миллион айыппұлы бар автокөліктердің дені ресейлік. Қалғандары Қырғыз Республикасы, Әзербайжан және Армения елінен әкелінген автокөліктер. Атыраулықтар былтыр көктемде армениялық көліктерді тіркеуге мемлекеттің аздап болса да жеңілдік жасауын айыппұл төлемеу деп бағалады ма, жол ережесін бұзушылар азаймаған. Әрі айыппұл төлеуге де асықпауда. Ал кеше тәулік ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен қала аумағында ӘҚБтК-нің 785- бабына сәйкес, төленбеген айыппұлы бар Ресей, Армения, Қырғыз Республикасы елдерінен әкелінген 12 автокөлік анықталды. Атырау облысы Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, он екі автокөліктің екеуінің иесі ғана 36 254 теңге айыппұлын сол жерде төлеген. Ал айыппұлы 395 870 теңге 10 автокөлік патрульдік полиция қызметкерлерімен арнаулы тұраққа жеткізілді. Сайып келгенде, автокөлік иелерінің айыппұлды төлеуді естен шығаруы арнаулы тұрақты кеңейтуге мәжбүрлейтін сыңайлы. Өйткені күн санап айып тұрағына әкелінген көліктер қарасы көбейіп барады.Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ , Атырау облысы