Үкімет кеңес өткізді
Үкімет кеңес өткізді
427
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аума­ғында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді. Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бі­рінші орынбасары Ш. Нұрышев, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшин, Ұлттық қа­уіпсіздік комитетінің Шекара қыз­метінің директоры Д.Ділма­нов, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыста­ры­ның басшылығы орын алған жағдай мен әрекет ету шаралары туралы баяндады. «ҚР Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың тара­луына жол бермеу бойынша ше­шуші ұйымдастыру шара­ла­рын қабылдауды тапсырды», — деді А. Мамин. Кеңес қорытындысы бойын­ша Үкімет басшысы келесі ке­шен­ді алдын алу шараларын қа­былдауды тапсырды: 1. Мемлекеттік шекарадан өт­кізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және теміржол кө­лігі нысандарында санитар­лық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту; 2. ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұрғылықты мекен­жайы бойынша медициналық бақылау орнату; 3. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін меди­циналық ұйымдардың дайын­дығын қамтамасыз ету; 4. Қытайға қызметтік ісса­пар­ларды шектеу, сондай-ақ жеке істер мен туристік мақ­сат­тарда бармауға кеңес беру; 5. ҚХР-дан келетін тран­зиттік жолаушыларға Қазақстан аума­ғына 72 сағаттық визасыз келу режимін уақытша тоқтату; 6. «Қорғас» ШЫХО қазақ­стандық бөлігінің жұмысын уа­қытша тоқтату; 7. ҚХР аумағындағы қазақ­стандық азаматтармен оларға кон­сулдық және өзге де көмек көр­сету мақсатында жұмысты жандандыру; 8. Мемлекеттік органдар ко­ронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақса­тын­да ҚХР және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құры­лымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруы тиіс; 9. Қажет болған жағдайда ҚХР Ухан қаласында жүрген Қа­зақстан студенттері мен басқа да азаматтарын шұ­ғыл эвакуа­ция­лауды қамтама­сыз ету; 10. құру, оған Қа­зақ­станда коронавирустың та­ра­луы­на жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жос­парын әзірлеу тап­сырылды.