Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті
Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті
147
оқылды
Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев өмірден өтті. Ақпаратты  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады. М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарған. «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері қызметін атқарды. «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларын жүргізді. Аikyn.kz марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестеріне көңіл айтады.