Мал азығына қосымша қаржы бөлінді
Мал азығына қосымша қаржы бөлінді
140
оқылды

Ақтөбеде мал азығына берілетін субсидия жетпей, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Ақтөбеде облысында ауыл шаруашылығы саласында өсім бар. Өткен жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 19 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мал шаруашылығын субсидиялау кезінде жем-шөп сатып алуға 4,4 миллиард теңге бөлініп, қаржы кейбіріне жетпей қалды.

«Шаруашылықтардың өтінімі жиналып, ақпан айында 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылы шаруашылықтарға 25 миллиард теңге несие берілді. Ірі қара –17, жылқы – 23, қой-ешкі 2,3 пайызға артты. Қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.