Онлайн оқу жалғаса берсе, балалардың көруі нашарлай түседі
Онлайн оқу жалғаса берсе, балалардың көруі нашарлай түседі
153
оқылды

Жалпы, қимыл-қозғалыстың аздығынан соңғы 20 жылда балалардың көз дәрігеріне жүгінуі жиіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының  56 пайызы спорт немесе би үйірмелеріне бармайды. Оған қоса, көз дәрігерлері қашықтан білім беру ұзақ уақытқа жалғасатын болса, балалардың көру қабілеті төмендеп кетеді деген шешімге келді.

– Онлайн оқу балалардың көзіне зиян келтіруде. Оны біз күнделікті қабылдауымызда көріп жүрміз. Алыстан көрудің нашарлығына әкеліп соқтыруда. Яғни, спазм аккомодаций. Үнемі жақынға қарап отырғандықтан, алысқа қарайтын бұлшық ет өзінің жұмысын тоқтатады. Ал қатайған бұлшық етті босаңсыту оңайға түспейді. Перефокусировка болады. Ол жалған алыстан көрмеушілікке әкеліп соқтырады», – дейді көз дәрігері Эльмира Исекеева.

Офтальмолог мамандардың дерегіне сәйкес, елдегі мектеп түлектерінің 33 пайызының көзінде ақауы бар. 15 жыл бұрын бұл стастистика едәуір төмен болған.

– Жалпы, қашықтықтан оқыту ұзақ уақытқа, бірнеше жылға созылып кетсе алыстан көрмейтін балалардың саны едәуір артады. Онлайн оқу көзге қысым түсіретінін әрі балалардың аз қозғалатынын ескерсек, алдағы 2-3 жылда мектеп бітірушілердің 40-45 пайызының көру қабілеті төмен болуы мүмкін, – дейді көз дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жұлдыз Ысқақбаева.

Дәрігерлердің кеңесі бойынша, баланы 4-5 сағат компьютерге, смартфонға үңілдіріп қоймай, арасында 40 минут сайын мектептегідей үзіліс жасап, жаттығумен айналысқаны абзал.