Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылғанын мәлімдеді. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг.
«Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ», – дейді әкім.
Астана Арена" стадионында футбол алаңы ауыстырылды - енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді, дренаждық жүйе, ирригациялық жүйе жаңартылды (бұрын алаңды шлангпен суаратын), сондай-ақ, киім шешетін бөлмелерге ағымдық жөндеу жүргізілді.