Шымкенттің әкімі «Спутник V» вакцинасын салдырды
Шымкенттің әкімі «Спутник V» вакцинасын салдырды
136
оқылды

Шымкентке коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада вакцина қабылдаған алғашқылардың бірі болды. Ол №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін астанада Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцина салдырған болатын. Бас санитар дәрігер вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты.