Шымкентке коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
«Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада вакцина қабылдаған алғашқылардың бірі болды. Ол №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.