«Мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ» – Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
«Мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ» – Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
145
оқылды

Бүгін Алматыдағы №5 қалалық ауруханада денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары вакцина салдырды.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды.

«Мен мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ. Себебі аталған вакцина қауіпсіздіктің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Ресейде екі миллионнан астам адам вакциналанды. Сондықтан алаңдаушылық жоқ. Бұл вакцинаның сапасына, тиімділігіне еш күмән келтірмеймін», – деді Жандарбек Бекшин вакцинация алдында.