Мадина Сәдуақасова оқырмандарына шығармашылық жоспары туралы айтты.
Әнші Мадина Сәдуақасова өзіне сын айтқандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі
96
оқылды

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде сырт келбетіне қатысты сын айтқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесінің Ахтамбек Юлдашевтың үйінде дастарқан басында билеп отырған видеосы тараған еді. Желі қолданушылары әншінің артық салмақ қосқанын айтып, биін де сынға алған. 

«Ахтамбек атамыздың үйінде билеп жүрген видеода толық болып көрініп, барлығыңыз маған сын жазып жатырсыздар. Негізі ондай қатты толық емеспін. Атамыздың үйіне хал-жағдайын сұрап кіріп шықтық», – деді әнші.

Мадина Сәдуақасова оқырмандарына шығармашылық жоспары туралы айтты. Айтуынша, 9 қарашада Шымкент қаласында Ахтамбек Юлдашевтың концерті өтеді. Әнші сол кеште өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.