Алматыда әуе апатынан қаза тапқан алматылық педагог Нұр-Сұлтанда медаль алуы тиіс болған
Алматыда әуе апатынан қаза тапқан алматылық педагог Нұр-Сұлтанда медаль алуы тиіс болған
5,154
оқылды

Амина Оспанова 57 жасында қайтыс болды.

57 жасар Амина Оспанова Алматыда ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмды. Туған-туыстарының айтуынша, әйел алтынға Нұр-сұлтанға бара жатқан.

"Ол мектепке дейінгі білім беру педагогы болды. Соңғы жылдары Алматыда бірнеше балабақша ашты. Жаңа жыл қарсаңында ҚР БҒМ оны қазақстандық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін медальмен марапаттамақ болған. Сондықтан ол Нұр-Сұлтанға жолға шығып еді. 27 желтоқсанда сағат 11-де марапаттау рәсіміне қатысып кешке Алматыға қайтуы тиіс болатын", - деді қаза болған адамның жақындары.

Алайда Амина Оспановаға бұл медаль бұйырмады. Әуе апатынан алған жарақат салдарынан әйел № 4 Қалалық клиникалық ауруханада көз жұмды.

"Біз соңғы секундқа дейін ол аман қалады деп сендік. Бірақ тағдырдың жазуы басқаша болды. Ол өте мейірімді, жігерлі, жарқын адам еді. Оның жалғыз ұлы, келіні және төрт немересі қалды. Амина оларға жай ғана әже мен ене емес, бұл олардың екінші анасы еді", - дейді туыстары.

Бортында 98 адамы бар Алматы - Нұр-сұлтан рейсіндегі Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 27 желтоқсанда таңертең көтеріле алмай сол маңдағы құрылысқа соғылған. Оның ішінде акушер-гинеколог Арман Исина, әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, профессор, "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқасының төрағасы Рүстем Қайдаров, Informburo.kz редакторы Дана Круглова болды.

Қазақстанда 28 желтоқсанда аза тұту жарияланды. 28 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласының медициналық мекемелерінде 47 зардап шеккен азамат, оның ішінде 9 бала стационарлық ем алуда. 4 зардап шеккендерге медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді.