Құтқарылған сәбидің әкесі: "Баланы әйелімнің кеудесіне қойып, басқа жолаушыға көмектестім»
Құтқарылған сәбидің әкесі: "Баланы әйелімнің кеудесіне қойып, басқа жолаушыға көмектестім»
5,194
оқылды

Қызым сұлық жатқандықтан өліп қалды деп ойладым

Алматы маңындағы ұшақ апатқа ұшыраған жерден полиция қызметкері құтқарған сәби ата-анасымен бірге бір ауруханада жатыр

Отағасы Ахболат Давааның беті бері қарап, журналистерге сұхбат бере бастаған.

Ер адам жұбайымен және кішкентай қызымен бірге Нұр-Сұлтандағы үйіне демалыстан қайтып бара жатқан (жедел жәрдем көлігіне баланы берген полиция қызметкері оны ұл деп ойлаған. авт.). Бір күн бұрын бәрі Шымбұлақта қыдырған. Ұшу күні отбасы мүшелерінің көңіл-күйі жақсы болады.

"Біз жұбайым және қызым үшеуміз оныншы қатарға, А және В орындарына көштік. Мен балаға суық тимеуі үшін терезе жаққа отырдым. Барлығы өте тез болды. Ұшақ жерден көтеріліп үлгерген-үлгермегенін білмейм. Бірақ ұшақ жерге соғылғанын сезіндім. Содан кейін күшті соққы болды. Менің көз алдым қарауытып кетті. Қайта оянғанымда аузыма және үсті басым түгел шаңға толып қалғанын сездім. Бірнеше рет ұмтылып тұра алмадым. Содан кейін қауіпсіздік белдігін тағып отырғаным есіме түсті. Оны ағытып ыңырсып жатқан әйеліме көмектестім. Оны ұшақтан алып шыққан соң қызымды іздей бастадым. Оның ақшыл күртесі болатын. Мен оны тез таптым. Бірақ алдымен ол сұлық жатқандықтан өліп қалды деп ойладым. Мен оны әйеліме көрсетпеуге тырыстым. Тек кеудеме қысқанда ол жылай бастады. Мен қатты қуанып кетіп, оны әйелімнің кеудесіне қойдым. Содан кейін мен басқа адамға шығуға көмектестім. Бізге жақын маңдағы үйлерден келген адамдар келіп, үйге кіріп жылыныңдар деді", — деп еске алады лайнердің жолаушысы.

Сондай-ақ, ер адам жұбайын қатты уайымдап отырғанын айтты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты.

"Құдайға шүкір, мен жұбайымның тезірек сауығуын тілеймін. Бірақ мен тірі қалғаным үшін қуанып отырғаным жоқ. Мен қаза тапқан жолаушылардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Олардың қайғысына ортақпын. Менің қызым да қазір ауруханада, жанында әпкем отыр. Жасаған қамқорлығы үшін дәрігерлерге алғысымды білдіремін", — деді Ахболат Даваа.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында әуе апатынан аман қалған бес ересек адам бар. Екі әйел реанимацияда, үш ер адам — травматология және Нейрохирургия бөлімшелерінде жатыр.

"Әуе апаты бойынша 103 пультіне алғашқы шақырту таңғы сағат 07.43-те түсті. Жедел медициналық жәрдем көлігі оқиға орнына 07.58-де, яғни 15 минут ішінде келіп жетті. Барлығы 16 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды. АМКБ-ға әр түрлі жарақаттары бар 6 адам жеткізілді, олардың арасында жүктілігіне 19 апта болған әйел бар. 5 адам стационарлық емделуде ", — деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ