Қостанайда алты жасар бала құдыққа құлап кетті
Қостанайда алты жасар бала құдыққа құлап кетті
212
оқылды

Бала ауруханаға түскен.

Қостанайда алты жасар бала кәріз құдығының ашық люгіне құлап кетті. Бұл туралы баланың әкесі Берік Игликов айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 26 желтоқсан күні 13: 30 шамасында болған.

"Мен әйелімді Гоголь бойынша сұлулық салонына апарып,балалармен бірге скверде серуендемек болғам. Мен алда, балалар артта келе жатты. Бір кезде кіші ұлымның: "Әке, Мансур құлап қалды", – дегенін естідім. Құдық Гоголь-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан", - деді ол.

Дереу артына бұрылған Берік Игиликов үлкен ұлын таба алмай қалады. Баланың бақытына орай, сол жерден өтіп бара жатқан жас жігіт тез арада көмекке жүгіреді.

"Ол бірден құдыққа түсіп, ұлымды алып шықты", - дейді Берік Игликов. Оның айтуынша, люкті қар басып қалған. Сондықтан ол жерде құдық бары көрінбейді. Бала бетонға шалқасынан құлапты.

"Біз бірден ауруханаға бардық,. Тіпті ұлымды түнде ауруханда қалдырды. Ауыр жарақаты жоқ екен", - деді баланың әкесі.

Бала тілді тістеп, шынтағын ауыртып алған.