6 жасар бала ашық жатқан кәріз құдығына құлап кетті
6 жасар бала ашық жатқан кәріз құдығына құлап кетті
5,213
оқылды

Қостанай қаласында 2013 жылы туған бала беті ашық жатқан құдыққа құлап кетті, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, қазір қылмыстық іс қозғалған.

«26 желтоқсан күні Қостанай қаласының полиция басқармасына 39 жастағы облыс тұрғыны жүгінді. Ол 2013 жылы туған баласының ашық құдыққа құлап кеткенін айтып, арыз жазған. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 279 бабы, 1- тармағымен (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттардың ережелерін немесе талаптарын бұзу) қылмыстық іс тіркелді», — деді Ирина Беженарь.