Қалдықты кәдеге жаратамыз
Қалдықты кәдеге жаратамыз
577
оқылды
Экология, геология және та­биғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қал­дықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасына қаржы құятын инвесторлар жер телімі бар, тиісті инфрақұрылым мен қалдық­тардың қажетті кепілді көлемі бар өңірлерге ғана келеді. «Өнеркәсіп және қатты тұр­мыстық қалдықтарды өңдеу көр­сеткіші біртіндеп өсіп келеді. Алайда жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың ин­дикаторларына сәйкес, өңдеу те­реңдігін 40 пайызға дейін ұлғай­ту шарасын қабылдау қажет. Бұл үшін Waste to Energy тетігін енгізу мәселесі пысықталып жатыр» де­ген М.Мырзағалиев министр­лік­тің Климаттық саясат және жасыл технология департаментіне төмен көміртекті дамыту стратегиясын әзірлеу жұмысын жалғастырып, осы жылдың соңына дейін драфт-жобасын ұсынуды тапсырды. Былтыр министрлік халықты экологиялық тәрбиелеу бағы­тында түрлі жұмыстарды жүзеге асырды. Енді министр осы жұ­мыс­ты Волонтер жылы аясында жалғастыру қажет деп санайды. Алқа мәжілісінде алдағы 2030 жылға қарай Қазақстанда атмо­сфераға зиянды қалдықтың кө­ле­мі 3,6 млн тоннаға жетуі мүмкін екені айтылды. Ал былтыр атмос­фераға тараған зиянды шыға­рынды 2,4 млн тоннаға жеткен. Көмірмен жұмыс істейтін жылу электр стансалары 900 мың тон­на, тау-кен металлургия секторы 700 мың, мұнай өндіру саласы 500 мың, көлік пен ауыл шаруа­шы­лы­ғы 300 мың тонна зиянды шы­ғарынды шығарған. Егер нақты шаралар қолға алынбаса, 2030 жылға қарай зиянды шығарын­дылар көлемі 3,6 млн тоннаға жетеді. Министрліктің дерегін­ше, атмосфераға зиянды шыға­рынды шығаруда Павлодар, Қа­рағанды және Атырау облыстары алдыңғы орында тұр. Атмо­сфе­раға үлкен зиян келтіретін ірі кәсіпорындарға ең үздік қол­же­тімді технолог­ия­ларды міндетті түрде енгізу талабы күшейтіледі. Табиғатты қорғау шараларының жоспары қайта қаралып, мем­лекеттік эколо­гия­лық бақылау қатайтылады.   Тұмар МЫРЗА