Ұшақ апатынан зардап шеккендер тегін емделеді — Елжан Біртанов
Ұшақ апатынан зардап шеккендер тегін емделеді — Елжан Біртанов
198
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккендердің еміне кеткен шығынды кім төлейтіндігін айтты, — деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«Емдеу тегін болады. Себебі, бұл — тосыннан болған апат. Ол медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді», — деді Елжан Біртанов. Сонымен қатар, ол зардап шегуші азаматты емделуден кейін сауықтыруға байланысты барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетіндігін атап өтті.

«Апаттан соң емделгендердің барлығын бақылауда ұстаймыз. Психологтар көмегінің мұнан ары да жалғасқаны маңызды. Материалдық көмекке қатысты айтар болсақ, оны кімге қанша және қандай көмек көрсету керектігін жергілікті атқарушы органдар шешеді», — деді министр.

Айта кетейік, «Айқын» газетінің Алматы қаласындағы тілшісі ауруханада ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, денсаулығы туралы хабарлап отыр.