Азамат Батырқожа жаңа қызметке тағайындалды
Азамат Батырқожа жаңа қызметке тағайындалды
217
оқылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Батырқожа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Ұлттық банкте, «Қазақтелеком» АҚ-та, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары —ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті.

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.