Bek Air өкілдері ұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты
Bek Air өкілдері ұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты
167
оқылды

Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырауына бағыттас іс себепші болуы мүмкін, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы арнайы баспасөз конференциясында компанияның ұшу қызметінің басшысы Эрик Сапаров айтты.

Оның айтуынша, Fokker 100 ұшағы Алматы әуежайынан ұшатынның алдында сол жолақта Airbus 321 (жаңа қозғалтқыштарымен және 89 тонналық ұшу массасы бар ұшақ) борты ұшқан. Мамандардың айтуынша, құйынға ұқсас, ұшып шыққан әуе кемесінің соңынан ілеседі. Ұшақ үлкен болған сайын, оның салмағы да ауыр болады және «бағыттас із» соңынан қатты ілеседі. Әуекомпаниясының өкілдері артынша ұшып шыққан кішкентай Fokker 100 ұшағын әр жаққа тарта бастағанын айтты.

«Алматы уақыты бойынша сағат 07:19-да ұшу уақытына назар аударыңыз. Оның жылдамдығы 184 түйін (узел). Біздің Fokker 100 07:20-да ұшқан, жылдамдығы – 155 түйін . Яғни арасы бір минут. Fokker 100 ұшағының алдында қатты «бағыттас із» пайда болған. Уақыт аралығы екі ұшақтың арасында кем дегенде екі минут болуы керек. Екі ұшақтың аралығында уақыт мөлшері кем дегенде екі минут болуы керек еді. Алтыншы секундта 19,6 фут биіктігінде төмендеу басталды, үзілгеннен кейін қисая бастады, екінші секундта сол жағы қисайған, бесінші секундта тураланады, ал алтыншы секундта қайталанады. Әр секунд сайын қисаю байқалады, солға, оңға (...) Ұшақ неден тербелуі мүмкін? Ауа райы қалыпты болды. «Бағыттас із» құбылысы бар деген болжамымыз бар», – деді компания өкілдері.

Баспасөз мәслихатында сондай-ақ, қазіргі уақытта ұшақтардың ұшуы арасындағы аралық бір минуттан үш минутқа дейінгі уақыт екенін атап өтті. Апатқа ұшырағаннан кейін, аралық енді бес минутқа дейін артуы мүмкін. Еске салайық, Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 7:05-те Алматыдан Қазақстанға ұшып шығып, одан кейін радардан жоғалып кеткен болатын. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.