Әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайын ба?
Әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайын ба?
157
оқылды

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов­ты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайын­дық жұмыстарының барысы жа­йында баяндалды. Жоғарғы Сот Төрағасы 2021 жыл­­дың 1 шілдесінен бастап Әкім­шілік рәсімдік-процессуал­дық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құры­лымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес «мемлекеттік органның кі­нәлілік презумпциясы» принци­пімен қарастыра бастайтынын жеткізді. Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуал­ды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді. Мемлекет басшысы аталған кодекс күшіне енген күннен бас­тап соттар жаңартылған алгоритм не­гізінде, қазақстандық сот төре­лігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты. Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.