3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
104
оқылды

Солтүстік-батыстан келген циклонның әсерінен қар мен жаңбыр жауады. Сондай-ақ теріскейде көктайғақ болады, жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылайды.

Ал оңтүстікте жауын-шашын жаумайды. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с. Ақмола, Қостанай облыстарында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде жел жылдамдығы – 23 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Көктайғақ. Жел қарқыны күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облысында тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстырында тұман түседі.