Полицей терең шұңқырға түсіп кеткен баланы аман-есен алып шықты 
Полицей терең шұңқырға түсіп кеткен баланы аман-есен алып шықты 
113
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бала шұңқырға байқаусызда түсіп кеткен.

Ордабасы АПБ-ға кешкі сағат 20:30 шамасында кішкентай бала хабарласып, ағасына көмектесуді сұраған. Учаскелік полиция инспекторы кішкентай бала мән-жайды толық айта алмаса да, оқиға орнын тауып, тез жеткен. Тәртіп сақшысы 12 жастағы баланың су жиналатын шұңқырға түсіп кеткенін анықтайды. Бадам ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сәкен Сайланов жас баланы шығарып алған. Қайнар ауылының сыртында орналасқан шұңқырдың тереңдiгi 10 метрден асады.

Баланың ата-анасына полицейлерге алғыс айтты.