Месси жылдың үздік спортшысы атанды
Месси жылдың үздік спортшысы атанды
161
оқылды

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды, – деп жазады «Р-Спорт». 

Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Мессиге қауымдастық мүшелерінің 13,11 пайызы дауыс берген.

Үздік үштікке кениялық жеңілатлет Элиуд Кипчоге (12,01 пайыз) мен испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) енді. 

Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағын америкалық гимнаст Симона Байлз алды. Оны дауыс берушілердің 15,04 пайызы таңдапты.

ТОП-3 тізіміне америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) мен ямайкалық жеңілатлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) енген. 

AIPS жылдың үздік командасы деп англиялық «Ливерпульді» атады. Команда 2019 жылы футболдан Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.