Жігіті үшін тамырын кеспек болған қызды құтқарып қалды
Жігіті үшін тамырын кеспек болған қызды құтқарып қалды
157
оқылды

Оқиға 29 желтоқсанда болған.

Өскеменде қыз жігітімен айырылысқан соң тамырын кеспек болған, – деп хабарлайды yk.kz.

Басылымның мәліметінше, қызды Ұлттық ұлан қызметкерлері Гагарин гүлзарында балалар ойнайтын алаңның манынан байқайды. Ұлттық ұлан қызметкері Табыс Қайсар әріптесі Ермек Уәлиевті шақырып, екеуі зардап шеккен қызға көмек көрсеткен. Қанды тоқтатып, жедел жәрдем шақырып, сол аумақты қоршауға алған. Басылымның мәліметінше, қыз ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ук2.jpeg
фото yk.kz