Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин дүние салды
Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин дүние салды
235
оқылды

Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды, — деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Бұл хабарды саясаттанушы Ерлан Сайыров растады. Ол Facebook-тағы парақшасында: «Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті», – деп жазды.

Еске сала кетейік, Серікболсын Әбділдин 1999 жылғы сайлауда Қазақстан Президенттігіне кандидат болып, халықтың 15 пайыз даусына ие болған еді.