Президент тапсырмасының орындалуы жайлы есеп берді
Президент тапсырмасының орындалуы жайлы есеп берді
152
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына биыл қаңтар айындағы ақша-кредит сая­сатын іске асырудың алдын ала қо­ры­тындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен ак­тивтері­­нің жай-күйі туралы баян­далды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қа­зақстан азаматтарының зей­нетақы жи­нақтарын мерзімінен бұрын пай­далану жөніндегі тап­сырмасының орындалу барысы туралы айтты. Президент кездесу қорытын­дысы бойынша Ұлттық банк бас­шысына бірқатар тапсырма берді.