Шетелдік фотограф елордадағы мерекелік отшашудан керемет кадрлар түсірген
Шетелдік фотограф елордадағы мерекелік отшашудан керемет кадрлар түсірген
288
оқылды

Ол жаңа жыл түнінде Нұр-Сұлтанда болыпты.

National Geographic және New York Times басылымдарының фотографы  Джордж Штейнмец (George Steinmetz) жаңа жыл түнінде Нұр-Сұлтан қаласында болып, керемет суреттер түсірген.

Фотограф өз жұмысын Instagram желісінде жариялады. Көлемді фотосуреттер толық көріну үшін "карусель" әдісімен салынған.



Джордж Штейнмец жағалаудағы аязға қарамастан жиналған әлемнің ең суық астанасының тұрғындарына таң қалды. "Жаңа жылдық фейерверк Есіл өзеніндегі Атырау көпірінің үстінде атылды. Бұл жаяу жүргіншілер көпірінің дизайны бекіреге ұқсатып жасалған ", - деп түсіндірді өз жазушыларына Штейнмец. Жазылушылар фотограф Қазақстанда қанша уақыт қалатынын сұрады. Оған Джордж Штейнмец ертең, яғни 2 қаңтар күні Нью-Йоркке ұшып кететінін, бірақ көктемде осында оралатынын айтты. Бұған дейін фотограф жаяу жүргіншілер көпірінің күндізгі суреттерін жариялаған болатын.
">www.instagram.com/embed.js"></script>Нью-Йорк фотографы Нұр-сұлтан "болашақ жері" (Tomorrowland) деп атады. "Хан Шатыр" ОСО-ның суретіне Штейнмец қар жауады деп күтілгендіктен ол ОСО-дағы жасанды жағажайға кіріп жылынатынын жеткізді.