Димаш Құдайбергеннің ханзада бейнесіндегі рөлі желіде пайда болды (Видео)
Димаш Құдайбергеннің ханзада бейнесіндегі рөлі желіде пайда болды (Видео)
5,195
оқылды

"Мың бір түн немесе махаббат аумағы" мюзиклінің көрсетілімі ресейлік НТВ телеарнасында жаңа жыл түні өтті.

2017 жылдың 31 желтоқсанында көрермендер телеарна эфирінде Шығыс музыкалық ертегісін көрді.

Музыкалық фильмге Филипп Киркоров қатысты. Ол – сұлтан, Кристина Орбакайте — сұлтанның қызы, Николай Басков — жын, Игорь Крутой Хоттабычтың  рөлін ойнады, ал Димаш Құдайберген ханзада бейнесін сомдады.

- Кез келген жас жігіт бір-екі минутқа ханзада болуды армандайды. НТВ-ның Жаңа жылдық ертегісінде маған осындай рөл берілді. Қойылымда өзім үшін өте қымбат «Любовь уставших лебедей» әнін шырқадым. Бұл менің Ресейдегі алғашқы әнім, - деп атап өтті қазақстандық әртіс.

https://youtu.be/ysFfiAaSpjY