Жаңа жыл түні Нұр-Сұлтанда қанша бала дүниеге келді?
Жаңа жыл түні Нұр-Сұлтанда қанша бала дүниеге келді?
233
оқылды
31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел медициналық жәрдем қызметі 1628 шақыруға қызмет көрсеткен. "31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел медициналық жәрдем қызметі 1628 шақырымға қызмет көрсетті. 2020 жылдың бірінші күнінде елордада сағат 00.00-ден 12.00-ге дейін 24 бала дүниеге келді. Оның ішінде 14 қыз, 10 ұл бала", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 2020 жылдың бірінші күнінде елордалық ауруханаларға Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұр-сұлтан Әлия Рүстемова барды. Олар ауруханада жаңа жылды қарсы алған науқастардың жағдайымен танысты. Вице-министр № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының, № 2 қалалық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіндегі балалардың жай-күйімен танысты. Надыров пен Рүстемова қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының, №2 көпсалалы қалалық аурухананың және №1 көпсалалы қалалық аурухананың науқастарымен кездесті. "Ауруханаға келген әрбір адамға сапалы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Ал жаңа жыл мерекелерінде халық жәй күндерден көп болады. Сондықтан бұл дәрігерлер мен медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілік жүктейді", - деп тапсырды Надыров. Астаналық медициналық ұйымдар Жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істейді.