Баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
Баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
107
оқылды

Полицияның мәліметінше, жол апаты 4 ақпан күні болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов: «Кеше сағат 14.30-дар шамасында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Ганди-Желтоқсан көшелерінің қиылысында солға бұрыла беріп, жолдан өтіп бара жатқан ана мен сәби жатқан арбаны қағып кетті», – деді.

1989 жылы туған әйел мен оның баласы ауруханаға жатқызылды.

Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.