Полицияның мәліметінше, жол апаты 4 ақпан күні болған.
Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов: «Кеше сағат 14.30-дар шамасында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Ганди-Желтоқсан көшелерінің қиылысында солға бұрыла беріп, жолдан өтіп бара жатқан ана мен сәби жатқан арбаны қағып кетті», – деді.
1989 жылы туған әйел мен оның баласы ауруханаға жатқызылды.
Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.