Елімізде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауады

Елімізде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауады

Атмосфералық процестер тез ауысқандықтан, бүкіл республика бойынша ауа температурасы өзгеретін болады. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын анықтайтын болады. Жаңбыр, қар, солтүстікте бұрқасын болып, ауа райы нашарлайды. Сондай-ақ ел аумағында көктайғақ болып, тұман түседі", – делінген ақпаратта. Атмосфералық процестер тез ауысқандықтан, бүкіл республика бойынша ауа температурасы күрт өзгереді.

Елордада 6 ақпанда күндіз -1 градус, түнде минус 3 градус болады. Ал жексенбіде түнде - 2, күндіз он градус нөлден төмен. 8 ақпан күні қар жауады, күндіз -12 градус, ал сейсенбі күні жиырма градус нөлден төмен. Ал Алматыда сенбі күні күндіз +10 градус. 7 ақпанда күндіз +8 қар аралас жаңбыр жауады. Дүйсенбі күні де ауа температурасы плюс сегіз градус шамасында, жаңбыр жауады.