Қазгидромет тамыз айына ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет тамыз айына ауа райы болжамын жариялады
© сурет интернеттен алынды
161
оқылды
«Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева тамызда ауа райы қандай болатынын айтты. «Тамыз – жаздың соңғы айы. Ауаның орташа айлық температурасы тамыз айында шілде айынан қарағанда солтүстікте 2-2,5 градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 градусқа төмен болады. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градусқа оңтүстікке қарай жоғарылай отырып, қиыр оңтүстікте 27-29 градусқа жетеді. Консультативті болжамға сәйкес жаздың соңы айы климаттық норма шамасында болады деп күтілуде. Тамыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында болады. Солтүстік жартысында норма 17-22 градус», - деді Данара Әлімбаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша шығыс аймақтардың таулы-бөктерлі аудандарда 15-16 градус, батыс және оңтүстік аймақтарда 23-27 градус шамасында сақталады. Ауа температурасы қалыпты шамада болады. «Осыған қарамастан ауа массаларының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын, жауынды күндер қатар болады. Бұл Скандинавия аймағынан суық ауа массаларының енуіне және Жерорта теңізі мен Ираннан шығатын оңтүстік циклондармен байланысты. Тамыз айында жауын-шашын мөлшері ресупбликаның басым бөлігінде норма шамасында күтіледі. Республиканың оңтүстігінде норма 2-9 мм, батыс пен орталық – 11-24 мм. Солтүстік Қазақстан облысында нормадан көп күтілуде – 40-53 мм, Қостанай облысында 17-55 мм, Ақмола облысында – 20-41 мм, Павлодар облысының солтүстік батысында 23-40 мм, Қарағанды облысында – 11-17 мм, БҚО және Ақтөбе облысының солтүстігінде – 17-27 мм, ал Алматы облысының таулы және тау-бөктерлі аудандарында – 18-90 мм», - деді ол.