Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы кезінде жүкті әйелді құтқарған жігіт марапатталды
Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы кезінде жүкті әйелді құтқарған жігіт марапатталды
220
оқылды

Сонымен қатар, ол басқа жолаушыларға ұшақтан шығуға көмектескен.

Алматы полициясы департаменті Бүгін Темірлан Кадауовты марапаттады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 

23 жасар Темірлан Қадауовқа "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін"медалін табыс етті. Жас жігіт марапатты Алматы полициясының басшысы Серік Құдебаевтың қолынан алды.

Алматылық азаматтың ерлігі туралы Әсем Жапишева өзінің Facebook парақшасында жазған болатын. Қарапайым, бірақ батыл жас жігіт туралы әңгіме азаматтардың жүрегін қозғады.

 

"Жас жігіт төтенше жағдай кезінде ерлік көрсетті және жанында отырған жүкті әйелді кеудесімен жауып құтқарды. Бұдан бөлек, жігіт алған жарақатына қарамастан басқа жолаушыларға барлық шұғыл қызметтер келгенге дейін ұшақтан шығуға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл марапатқа лайық. Бірінші кезекте, бұл өз халқының атынан адамдардың алғысы", – деп атап өтті полициядан.

 

Естеріңізге сала кетейік, Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы 27 желтоқсанда Алматыда болған. Әуе кемесі биіктігін жоғалтып, әуежай маңындағы бос тұрған үйге соғылды. Лайнердің бортында 95 адам болған. Олардың 12-і қаза тауып, 49-ы жарақат алды.