Бұл жайында Sports.kz сайты жариялады. Осылайша, Халықаралық бокс федерациясы рейтингінің жаңартылған нұсқасында аталған міндеттемелерді орындау күні ретінде 2021 жылдың 18 қыркүйегі белгіленген.
GGG аталған белдігін 2020 жылдың 18 желтоқсанында, Голливудтың Флорида штатында қорғаған еді. Онда ол техникалық нокаутпен Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-1,5 КО) жеңді. Бұл қазақстандық боксшы үшін 2019 жылдың қазан айында Сергей Деревянченкомен (13-3,10 КО) жұдырықтасып, IBF титулын қайтарып алған кезден бергі бірінші жекпе-жек болды.
Қазіргі кезде IBF рейтингінің орта салмақ дәрежесіндегі алғашқы екі орны бос, ал ең жоғары үшінші орын неміс боксшысы Патрик Войцицкидің (14-0-1,5 КО) еншісінде.