Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді
Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді
208
оқылды

Бұл жайында Facebook-те «Азаматтарға арналған үкімет» мәлімдеді.

4 қаңтарда  Еліміздегі барлық Көлік бойынша Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді шығару қызметтерін көрсетуге арналған ақпараттық жүйелерді қолдау функциялары «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына берілді.

 Бүгінгі таңда азаматтарға арналған арнайы мақсаттағы орталықта дайын құжаттарды дайындауға арналған жаңа ақпараттық жүйе мен жабдықты іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, 2020 жылдың 4 қаңтарында авто-қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.