«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»
532
оқылды

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келгеніне 90 жыл толуына орай, Алматы қаласы Жамбыл жасөспірімдер кітапханасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты ақынды еске алу кеші өтті.

Ақиық ақынның өлеңін сүйер оқырман қауыммен қатар, актер Ергенбай Әбуев, суретші Майса Ықылас, режиссер Ботагөз Исмайл, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Аманқос Мектептегі, сонымен қатар, ақын, продюсер, «Абай» телеарнасының редакторы Жаңылхан Асылбекова қатысты. Еске алу кешінде кітапхана қызметкерлері ақынның өлеңдерінен композиция құрып, қонақтарға ұсынды. Ақынның өлеңін оқу үшін кітапхана жастарынан бөлек Алматы қаласындағы №126 орта мектеп оқушылары да келді. Елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты аз адам қатысқанына қарамастан, кеш қонақтары өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, отты жырлар тыңдап, ақынның өмірінен ерекше естеліктер естіді.