5 облыста дауылды ескерту жарияланды
5 облыста дауылды ескерту жарияланды
105
оқылды
"Қазгидромет"  еліміздің бес облысында дауылды ескерту жариялады. 8 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 8 ақпан күні түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Түркістан облысының тауларында қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 25 метр болады.