"Қазгидромет" еліміздің бес облысында дауылды ескерту жариялады.
8 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
8 ақпан күні түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метр.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 25 метр болады.