Көктөбе аттракционынан бала құлап кетті (Видео)
Көктөбе аттракционынан бала құлап кетті (Видео)
188
оқылды

Әлеуметтік желі пайдаланушылары оқыс оқиға түсіп қалған бейнені таратуда.

Аталмыш кадрлардан "рогатка" деп аталатын аттракционға байланған бозбаланың секіргелі жатқанын көруге болады. Нұсқаушы сияқты ер адам оны ұстап тұр. Кадрдың сыртындағы дауыс аттракционда тұрған балаға басын көтеруге кеңес береді. Бірақ басқалары оның айтқанын істемеуге үгіттеп бағуда. Осыдан кейін аттракцион іске қосылады. Алайда бозбаланың беліндегі жіп шешіліп кетіп, жерге құлайды. Кадрға қарап сақтандыру белдігі дұрыс бекітілмеген деген қорытынды жасауға болады.

Жазбаның астында бұл оқиға Көктөбеде болғаны айтылған. Айта кетейік, бұл саябақта бейнеде көрсетілген аттракциондар бар. Сондай-ақ, бұрын Көктөбеде батуттан 13 жасар жасөспірім құлап кеткен. Полиция мәліметтеріне сәйкес, ол кезде бала абайсызда құлап, ата-анасы ешкіме кінә тақпаған.

https://youtu.be/JWaYXByQyTU