Атырауда 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді
Атырауда 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді
114
оқылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Тек үш күнде 2 мыңнан астам қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалды.