Қазақстанда жаңа мемлекеттік жәрдемақы пайда болды
Қазақстанда жаңа мемлекеттік жәрдемақы пайда болды
250
оқылды

Қазақстанда көп балалы отбасыларға қаңтар айында 17 млрд теңгеден астам қаржы төленеді.

Алғашқы төлемдер 5-8 қаңтарда беріледі. 2020 жылдың қаңтарында төрт және одан көп балаларымен бірге тұратын отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 17,7 миллиард теңге қарастырылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, 5 қаңтарда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына 12,5 миллиард теңге аударылды. 5-8 қаңтар аралығында кестеге сәйкес ақша алушылардың шоттарына түседі, қалған 5,2 миллиард теңге жақын күндері жіберілмек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілген. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан бекітілген мөлшерде төленетін болады: төрт бала – 42 496 теңге, бес бала – 53 127 теңге, алты бала – 63 757 теңге, жеті және одан да көп бала – 74 388 теңге.

2020 жылы Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алады.