Қарасора бизнесіндегі полицейлер
Қарасора бизнесіндегі полицейлер
103
оқылды

Қызылорда облысында қарасора өсіруге қатысты даулы істен кейін бірнеше по­лиция бастығы қыз­метінен айырылды. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіп­сіздік де­пар­таментінің басшысы Ар­ман Саданов мәлімдеді.

«Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы бастығы Мырзахасимов 15 жылға бас бостандығынан айы­рылды. Тергеу барысында ірі кө­­­­лемде ма­рихуана және әскери атыс қаруын сақтаған басқа тағы бір қыл­­мыстық топ әшке­­реленді. Тінту кезінде 12 келіден аса есірткі табылып, тәр­кіленді. Сонымен қатар Қы­зы­лорда облысы ПД басқар­масының бастығы мен қол ас­тындағы қыз­меткері қыл­­мыс­тық жауаптан жал­­­­таруға кө­ме­ктескені үшін жеті миллион теңге пара алып жат­қан жерінен ұсталды. Іс бойын­ша тергеу амалдары жүр­гізіліп жатыр. Жа­­қын арада іс сотқа жол­дана­ды», – деді А.Саданов. Оның ай­туынша, іс бойынша айып­талу­шылар жұ­­мыстан шы­ға­рыл­ған. Ал Қы­зыл­орда облысы ПД бас­шы­сы­ның орынбасары және тағы үш басшы қызметтен бо­сатылды.

Н.ҚОСАЙ